421,39 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Үш күнге арналған ауа райы: жаңбырдың соңы қарға ұласады

  • 463
  • UPD: 11:27, 21.10.2020
Үш күнге арналған ауа райы: жаңбырдың соңы қарға ұласады Newsname

Қазгидромет 22-24 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Қазақстан аумағына Скандинавия аймақтарынан циклон әсер етеді, ол өзімен бірге ылғалды және суық ауа массаларын әкеледі. Онымен бірге жауын-шашын келеді, жаңбыр  қарға ұласады. Әсіресе, бұл оңтүстік-шығыста және шығыста қатты білінеді. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі байқалады.

Шығыста, таулы және тау бөктеріндегі облыстарда аптаның аяғында бұрқасын болады. Түнде термометр елдің солтүстігінде және орталығында 5-13 аязға дейін, оңтүстік аймақтарда кей жерлерде минус 3 градус аязға дейін төмендейді.

Хабар 24 телеарнасы