425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ауасы ең лас Еуропа қалалары анықталды

  • 187
  • UPD: 13:01, 21.10.2020
Ауасы ең лас Еуропа қалалары анықталды

Ауаның ластануы бойынша Еуропа қалаларының ішінде Лондон көш бастап тұр.

Ұлыбритания астанасында ауа сапасының төмендігі €11,4 млрд құрайды.

Одан кейінгі орындарда Бухарест пен Берлин тұр. Париж жетінші орында. Жалпы есеп бойынша Еуропадағы ауаның ластануы жылына 166 миллиард еуроны құрайды.

Еуропалық Одақтың 27 еліндегі, сондай-ақ Ұлыбритания, Норвегия және Швейцариядағы 432 қалаға шолу жасалған.

Мәліметтер бойынша ауаның ластануы Еуропада жыл сайын 480 мың, Францияда 48 мың мезгілсіз өлімге себеп болады.

Хабар 24 телеарнасы