419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сиырмен тілдесу: Нидерландта күйзелістен арылудың жаңа түрі пайда болды

  • 191
  • UPD: 11:39, 22.10.2020
Сиырмен тілдесу: Нидерландта күйзелістен арылудың жаңа түрі пайда болды

Нидерландта стресстен арылудың жаңа үрдісі пайда болды – адамдар фермаларға барып, сиырларды құшақтайды.

Бұл қызметті елдегі бірнеше шаруа қожалықтары ұсынады, деп хабарлады ВВС.

Тәжірибе koe knuffelen деп аталды, голланд тілінде «сиырды құшақтау» дегенді білдіреді. Аталған үрдістің жақтаушылары адамдардікіне қарағанда баяу жүрек соғысы және бұл жануарлардың ірі денесі адамды тыныштандыруға және күйзеліспен күресуге көмектесетін және окситоцин гормонын түзуге ықпал ететінін айтуда.

Фермада туристермен «құшақтасқаннан» кейін бір сиыр екі-үш сағат бойы демалады.

Көңіл көтерудің бұл түрі Нидерланд ауылдарында он жылдан астам уақыт бұрын пайда болған және қазір ол кең таралуда. ВВС хабарлауынша, ірі сүтқоректілермен уақыт өткізу адамның жүйке жүйесіне жағымды әсер етеді.

Хабар 24 телеарнасы