422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

  • 140
  • UPD: 16:52, 22.10.2020
Елордада демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Елордада демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.

24-25 қазанда «Хан Шатыр» СО жанындағы алаңда кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлады әкімдіктің ресми сайты. Оған «Магнум» ірі сауда желісі және ҚР Ет одағының мүшелері, сондай-ақ өңірлерден ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің көтерме сауда жеткізушілері қатысады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бағалар нарықтық бағадан 10-15% төмен.

Қарағанды және Ақмола облыстарының шаруа қожалықтары жылқы етін 1900 теңгеден (қазы, жая 2100 теңгеден) сатады және сүт өнімдерін әкеледі. Түйетауық етін Ақтөбе облысының шаруа қожалықтары ұсынатын болады. «Ет Одағынан» сиыр еті 1700 теңгеден сатылады.

Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының тауар өндірушілері бірінші және жоғары сұрыптағы ұн, рапс және күнбағыс майын ұсынады. Балды Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстарының омарташылары әкеледі. Ақмола облысының тауар өндірушілері қырыққабат, сәбіз, қызылша, пияз әкеліп сатады.

Айта кетейік, шара барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып өтеді.

Хабар 24 телеарнасы