425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада қоғамдық көліктер қызметі бір күнге тоқтатылады

  • 190
  • UPD: 17:29, 22.10.2020
Елордада қоғамдық көліктер қызметі бір күнге тоқтатылады

Елордада жексенбі, 25 қазанда қоғамдық көлік бір күнге тоқтатылады.

Автобустар мен автопарктерде дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі, деп хабарлады City Transportation Systems баспасөз қызметі.

«Басқа күндері қоғамдық көлік қалыпты жұмыс істейді. Дүйсенбі күні, 26 қазанда автобустар қайтадан қатынайды», - делінген хабарламада.

Қала тұрғындарын санитарлық нормаларды сақтауға шақырамыз. Автобустарға бетпердесіз кіруге тыйым салынады. Жол ақысы тек қолма-қол ақшасыз төленеді.

Хабар 24 телеарнасы