422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бірқатар аймақта көктайғақ болып, дауыл тұрады

  • 181
  • UPD: 19:37, 22.10.2020
Бірқатар аймақта көктайғақ болып, дауыл тұрады

Ертең бірқатар өңірлерде күн суытады.

Төтенше жағдайлар қызметінің хабарлауынша Алматы облысында жел күшейіп, жаңбыр жауады. Ақмола облысында дауыл тұрады деген болжам бар. Көкшетауда көктайғақ болса, ал Қызылорда өңіріне ызғар түседі. Шығыс Қазақстанда да тұман түсіп, көктайғақ қатады деп күтілуде. Өскемен мен Семейде қатты жел тұрады. Сондай-ақ Солтүстік Қазақстан мен Қарағанды облыстарында көктайғақ пен дауыл болжануда. Желдің жылдамдығы секундына 20 метрге дейін жетуі мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы