424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Антисептик қолданған кезде теріні қалай қорғауға болады?

  • 103
  • UPD: 10:14, 23.10.2020
Антисептик қолданған кезде теріні қалай қорғауға болады?

Антисептиктерді қолданған кезде терінің типін ескерген дұрыс.

Дерматолог дәрігерлер: «Ылғалдандыру туралы да ұмытпау керек», – дейді.

Антисептикалық құралдарды қолдану жиілігі терінің жеке сезімталдығына байланысты. Оның баршаға ортақ шектеуі жоқ. Мамандар сонымен қатар қолғап киіп, қолды жиі жуу да қиындық тудыруы мүмкін екенін айтады.

Терісі қалыпты әрі сау адамдарға антисептикті күніне үш реттен артық қолдануға болмайтынын ескертеді. Дерматологтың айтуынша, теріні құрғатпау үшін глицерин, алоэ сығындысы және алкоголі аз өнімдерді таңдау керек.

Мамандардың айтуынша, адамдардағы антисептиктен кейінгі реакция әртүрлі. Дегенмен, антисептикті қолданғаннан кейін ылғалдандырғышты қолдану өте маңызды.

Хабар 24 телеарнасы