425.59 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Аптаның ең ауыр күні аталды

  • 202
  • UPD: 10:42, 23.10.2020
Аптаның ең ауыр күні аталды

Адамдардың көпшілігі дәстүрлі түрде дүйсенбіні аптаның ең қиын күні деп санайды.

Мамандардың айтуынша, жұма да ең ауыр күн болып табылады. Бұл туралы ресейлік психолог Ирина Блинникова айтты.

Оның пікірінше, жұмыс аптасының соңында шаршаңқылық болады және аяқталмаған жұмыстар жиналып қалады, ол эмоционалды стресс тудыруы мүмкін. Осыған қарамастан, психолог жұмада адам жұмысты аяқтап, демалыстың басталуын күтетінін, бұл оған жақсы жұмыс істеуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Маман неліктен дүйсенбі қиын күн болып саналатынын айтты. Өйткені адам демалыстан кейін жұмыс режиміне ауысуы керек, бұл көбінесе қателесулер тудырады.

Хабар 24 телеарнасы