422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Коронавирустың тағы бір салдары белгілі болды

  • 219
  • UPD: 11:38, 23.10.2020
Коронавирустың тағы бір салдары белгілі болды

Жапонияның Жаһандық денсаулық сақтау және медицина ұлттық орталығының ғалымдары шаштың түсуі коронавирус салдарының бірі екенін анықтады.

Ғалымдардың айтуынша, COVID-19-бен ауырған адамдарда сауыққан соң төрт айдан кейін бірқатар белгілер сақталады: ентігу (11%), әлсіздік (10%), иіс сезу қабілетінің бұзылуы (10%), жөтел (4%), дәм сезудің бұзылуы (2%).

Ал екі айдан кейін науқастардың төрттен бірі шаштың түсуіне шағымданған. Ғалымдар осындай белгілерді Эбола немесе денге безгегімен ауырғандардан байқаған.

Хабар 24 телеарнасы