423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әлемдегі ең қорқынышты әрі қауіпті 10 көпір

  • 197
  • UPD: 13:11, 23.10.2020
Әлемдегі ең қорқынышты әрі қауіпті 10 көпір

Әлемдегі ең қауіпті әрі қорқынышты 10 көпірді ұсынамыз.

Хуссайни аспалы көпірі, Пәкістан

Бұл көпір Пәкістанның Гилгит-Балтистан аймағында 2600 метр биіктікте орналасқан Хуссайни қаласында тұрғызылған.

Хунза өзенінің екі жағындағы ауыл тұрғындары жергілікті материалдардан аспалы көпір тұрғызған және бұл көпір жалғыз қозғалыс құралы болып табылады. Сондай-ақ оның мықтылығына да күмән бар. Гималай тауларын және өзенді дәл ортасынан көру – бұл батыл саяхатшылар ғана бара алатын өте қауіпті қадам.

Хуссейни қорқынышты көрінісіне қарамастан, салыстырмалы түрде қауіпсіз көпір болып табылады және туристер арасында танымалдылыққа ие.

Трифт мұздығындағы аспалы көпір, Швейцария

Трифт көпірі Гадмен маңындағы Трифтзее көлі арқылы өтеді. Ол арқылы Трифт мұздығын көру үшін жылына шамамен 20 000 адам өтеді. Көпірге жету үшін Мейрингендегі аспалы жолмен, содан кейін гондоламен жүру керек. 1,5 сағаттық жол көпірге апарады.

Бұл көпір Трифт мұздығын өзінің барлық сұлулығын көруге мүмкіндік береді. Ол 2004 жылы салынды. Қазіргі уақытта бұл көпір ұзындығы 170 метр және мұздық көлден биіктігі 100 метр болатын әлемдегі ең ұзын аспалы көпірлердің бірі болып табылады.

Пуэнте-де-Кесвачака, Перу

Инктер Анд тауларын бойлай өсімдіктерден өріп, қолдан жасалған жолдар мен көпірлер жүйесін ойлап тапқан. Сол көпір қаншама жылдар бойы сақталып тұр.

 

Уильям Мур көпірі, Аляска, АҚШ

Капитан Уильям Мур көпірі – АҚШ-тың Аляска штатындағы Скагуэй ауданындағы Клондайк шоссесінде орналасқан 110 футтық (34 м) аспалы көпір. 1976 жылы салынған көпір әбден тозған.

Бір қарағанда Аляскадағы бұл көпір өте қауіпсіз болып көрінеді, дегенмен оған сәл жақынырақ қарағанда қорқыныш пайда болады.

Skybridge, Ресей

Ресейдің Сочи қаласында Skybridge деп аталатын әлемдегі ең әсерлі аспалы көпірлердің бірі орналасқан. Көпір Красная Поляна алқабы арқылы бір шақырымға созылып жатыр.

 

Нимбус тауындағы көпір, Канада

Аспанда жүргендей сезімді бастап өткергіңіз келе ме? Канаданың Нимбус тауында осындай қауіпті мүмкіндік бар.

Алдымен ол жерге тікұшақпен жету керек. Сәл жоғары көтерілгенде 60 метр биіктікте қозғалып тұрған көпірден өте аласыз. Дегенмен қауіпсіздік шаралары сақталады.

Таман Негара аспалы көпірлері, Малайзия

Осы тізімдегі басқа көпірлермен салыстырғанда бұлар соншалықты биік емес. Бірақ әлемдегі ең көне тропикалық орман Таман Негарадағы аспалы көпірлер ең батыл туристердің өзінің басын айналдырады.

 

Каррик-а-Ред көпірі, Солтүстік Ирландия

Ирландияның Каррик аралына апаратын арқан көпірі теңіз деңгейінен 30 метр биіктікте тербеледі.

Қазіргі уақытта туристер осы аймаққа көптеп келіп, адреналин алады.

Эль Каминито-дель-Рей, Малага, Испания

Малагадағы Гайтанес шатқалы – Испаниядағы ең қауіпті және әсерлі асулардың бірі.

Бірнеше турист 2015 жылы оны жөндегенге дейін қайтыс болған. Қазір қауіпсіздік ережелері сақталса, ондай жағдайлар болмайды. Бұл көпірге баруға ең батыл адамдардың ғана жүрегі дауалайды.

Жол Чорро және Гайтанехо сарқырамаларындағы су электр станциялары жұмысшыларын көлік құралдарымен қамтамасыз ету, сондай-ақ материалдар тасымалдауды жеңілдету және каналды күтіп-ұстау жұмыстарын жеңілдету үшін салынған. Көпірдің ені 1 метр, өзеннен биіктігі 100 метрден асады.

Хабар 24 телеарнасы