422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Тұман, жел, көктайғақ: елімізде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

  • 227
  • UPD: 17:19, 23.10.2020
Тұман, жел, көктайғақ: елімізде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Aqmola News

Қазгидромет еліміздің басым бөлігінде дауыл, жауын-шашын және тұман күтілетіндігін хабарлады.

Атырау облысы

24 қазан Атырау облысының кей жерлерінде тұман, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.

Ақтөбе облысы

24 қазанда түнде Ақтөбе облысының кей жерлерінде жауын-шашын (қар, жаңбыр), әлсіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерінде 18 м/с күтіледі.

Қызылорда облысы

24 қазанда түнде Қызылорда облысында 1-6 градус үсік күтіледі.

Қызылорда қ.: түнде 24 қазанда 1-3 градус үсік күтіледі.

Батыс Қазақстан облысы

24 қазан Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с.

Орал қ.: 24 қазан түнде және таңертен тұман күтіледі.

Ақмола облысы

24 қазанда Ақмола облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі.

Көкшетау қ.: күндіз 24 қазанда жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі, оңтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қостанай облысы

24 қазанда Қостанай облысының күндіз кей жерлерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Кей жерлерде тұман. Түнде және таңертең кей жерлерде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23 м/с жетеді.

Қостанай қ.: күндіз 24 қазанда оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қарағанды облысы

24 қазанда Қарағанды облысының кей жерлерінде көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерінде күші 15-20 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысы

24 қазанда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20, күндіз екпіні 25 күтіледі.

Петропавл қ.: күндіз 24 қазанда көктайғақ күтіледі, батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Хабар 24 телеарнасы