425.59 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сегіз облыста ауа райы туралы ескерту жарияланды

  • 156
  • UPD: 23:03, 23.10.2020
Сегіз облыста ауа райы туралы ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РМК 24 қазан күні ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады.

Атырау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20 м/с артады.

Түнде Ақтөбе облысының кей жерлерінде жауын-шашын (қар, жаңбыр), әлсіз көктайғақ болжанады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғып, күндіз екпіні 18 м/с күшейеді.

Түнде Қызылорда облысында 1-6 градус үсік күтіледі. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз жылдамдығы 15-20 м/с жетуі ықтимал.

Қостанай облысының күндіз қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Кей жерлерде тұман болжанады. Түнде және таңертең көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні 23 м/с жетеді.

Қарағанды облысының кей жерлерінде көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерінде күші 15-20 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы 25 м/с жетеді.

Хабар 24 телеарнасы