423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

25 қазан күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады

  • 165
  • UPD: 07:25, 25.10.2020
25 қазан күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады

Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар жауып, жауын-шашын болады.

Қазгидромет таратқан ақпаратқа сай, Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан мен Павлодар облыстарының кей жерлерінде бұрқасын мен көктайғақ күтіледі, желдің екпіні секундына 20 метрге дейін күшейеді. Ал Шығыс-Қазақстан, Ақтөбе, Атырау аймағында қою тұман түседі.

Синоптиктердің болжауынша, тек еліміздің оңтүстік-батысында антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Хабар 24 телеарнасы