423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ғалымдар әдеміліктің үш шартын атады

  • 179
  • UPD: 11:35, 26.10.2020
Ғалымдар әдеміліктің үш шартын атады

Түрі тартымсыз адамдар өздерінің сыртқы келбетін асыра бағалайды.

Ал сүйкімді адамдар көбіне бұл мәселеге шынайы қарайды. DR басылымының хабарлауынша, даниялық ғалымдар осындай қорытындыға келді.

Зерттеу барысында сарапшылар кез келген жағдайда әрекет ететін сұлулықтың үш принципін анықтай алды.

Біріншіден, беттің симметриялығы. Ғалымдардың пікірінше, адамдар симметрияны қоғам оны әдемі деп санауға келіскендіктен қаламайды. Бар мәселе симметриялылық адамның жақсы қасиеттері туралы хабар береді. Ол келесі ұрпақтарға да беріледі. Копенгаген университетінің әлеуметтану кафедрасының профессоры Мадс Мейер Йегер асимметрия керісінше жағымсыз гендердің белгісіекенін түсіндірді.

Екіншіден, ұлтыңызға тән сұлулыққа жататын критерийлерге сай келу.

Үшіншіден, тегіс тері. Көздің астындағы қара шеңберлер, бөртпе немесе күңгірт келбет – барлығы басқа адамның сыртқы келбетін бағалауды нашарлатуы мүмкін.

Ғалымдар сонымен қатар терідегі күннің әсері мен әжімдердің іздері қарттықтың белгісі ретінде қарастырылғанын анықтады. Оны тіпті нашар денсаулықтың салдары деп есептеуге болады.

Хабар 24 телеарнасы