423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

28 қазан күні елордада көктайғақ, бұрқасын және қатты жел күтіледі

  • 147
28 қазан күні елордада көктайғақ, бұрқасын және қатты жел күтіледі

Синоптиктер дауылды ескерту жариялады.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 28 қазанда Нұр-Сұлтанда көктайғақ, бұрқасын болады. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні – 15-20 м/с.

Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні түнде 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с, күндіз 15-20 м/с жетеді.

Елордалық полиция департаменті автокөлік иелеріне ауа райының нашарлауына байланысты жолдарда абай болуды ескертеді.

Өткен тәулікте қала аумағында 50 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, нәтижесінде бір адам дене жарақатын алды.

Осыған байланысты Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті жүргізушілерге қозғалыс кезінде барынша мұқият және сақ болуға, жылдамдық режимін, қауіпсіз қашықтықты және ережелерді сақтауға шақырады.

Жүргізушілерге қауіпті болатыны алғашқы қар көлік құралдарының тежелуіне кедергі келтіреді. Сондықтан сіз кенет тежелу мен тоқтаудан абай болуыңыз керек.

Жаяу жүргіншілер жолды кесіп өткен кезде, автомобильдің тежегіш жолы ылғалды және тайғақ жолда ұзаратынын ескеруі қажет.

Жол-көлік оқиғалары мен құлаудың алдың алу үшін, өте мұқият және сақ болыңыз!

Хабар 24 телеарнасы