Қазгидромет 29-31 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Алдағы үш күнде Қазақстан аумағының басым бөлігі Солтүстік-Батыс антициклонның ықпалында болады.
Ауа райы көбінесе жауын-шашынсыз, тек шығыста, ал аптаның басында республиканың солтүстігінде, орталығы мен оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады. Осы кезеңде шығыста және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жауын-шашын жаууы мүмкін. Кей жерлерде жел күшейіп, бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Ауа температурасы, керісінше, көтеріледі, себебі бүкіл республиканың территориясына Иран аймақтарынан жылы ауа массалары енеді.