424.86 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ғалымдар COVID-19-ға байланысты мидың зақымдануын сипаттады

  • 165
Ғалымдар COVID-19-ға байланысты мидың зақымдануын сипаттады

Американдық ғалымдар 80-нен астам зерттеулердің мәліметтерін жинақтап, COVID-19 кезіндегі мидағы өзгерістердің жалпы көрінісін сипаттады.

Нәтижелер Seizure басылымында, Epilepsy Еуропалық журналында, жарияланды.

COVID-19 пандемиясында клиниктер коронавирустық инфекциядағы неврологиялық асқынулардың жүздеген жағдайын, соның ішінде инсульт, естің бұлдырлығы, бас ауруы және құрысуды тіркеді. Бірақ осы уақытқа дейін бұл туралы жалпылама мақалалар болған жоқ.

Бэйлор медициналық колледжі мен Питтсбург Университетінің зерттеушілері COVID-19 бар 617пациенттің электроэнцефалограммаларын (ЭЭГ) жинап, талдады. ЭЭГ –мидың электрлік белсенділігін бағалау үшін қолданылатын тест. Ол әдетте ынталандыруларға, ұстамаларға, сөйлеу проблемаларына, тұтығуға немесе жасанды комадан өздігінен шыға алмайтын науқастарға тағайындалады.

Хабар 24 телеарнасы