422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Салқын мезгілде авокадо иммунитетке оң әсер етеді

  • 173
Салқын мезгілде авокадо иммунитетке оң әсер етеді

Мамандар суық мезгілде авокадо жеуге кеңес береді.

«Өйткені ол иммундық жүйеге керемет оң әсер етеді. D және E витаминдері майда еритін витаминдер болып табылады. Ал авокадодағы майлардың арқасында олар біздің ағзамызда дұрыс және тез сіңеді. Маусымаралық кезеңде қажетті дәрумендерді аламыз, иммунитетті күшейтеміз», – дейді тамақтану саласының дәрігерлері.

«Авокадо құрамында өмірді ұзартатын, жүрек-тамыр жүйесін нығайтатын, дененің барлық процестеріне, тіпті гормоналды процестерге қатысатын полиқанықпаған май қышқылдары мен басқа да майлар бар», – деп атап өтеді мамандар.

Жемісті күннің бірінші жартысында тұтынған дұрыс. Өйткені ол өте калориялы, қанықтыру сезімін сыйлайды. Таңертең авокадо ұзақ уақыт қуат береді. Мысалы, таңғы асқа авокадо тостын жасауға немесе салаттарға қосуға болады. Сонымен қатар авокадо қызыл балық, уылдырық қосылған классикалық сэндвичте сары май рөлін атқара алады. Бұл – дәмді және пайдалы комбинация.

Хабар 24 телеарнасы