420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елге ПТР анықтамасыз келгендер жеті күн карантинге жабылады

  • 143
  • UPD: 17:26, 29.10.2020
Елге ПТР анықтамасыз келгендер жеті күн карантинге жабылады

Елімізде шеттен келетін жолаушыларға талап күшейтілді. Енді халықаралық рейспен келген азаматтар карантиндік стационарға 7 күнге жатқызылады.

Бұған дейін ол екі тәулік еді. Шара мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес қабылданды. Шетелге барған 25 қазақстандық елге қайтарда ПТР-тест тапсырмағаны белгілі болды. Оның 14-і Алматы, 8-і елорда, тағы үшеуі Шымкент әуежайында анықталды. Бұл жолаушылардың барлығы карантинге алынды.

Хабар 24 телеарнасы