422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

1 қарашада Нұр-Сұлтанда велосипедтерді жалға беру маусымы аяқталады

  • 132
  • UPD: 11:42, 31.10.2020
1 қарашада Нұр-Сұлтанда велосипедтерді жалға беру маусымы аяқталады

1 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында велосипедтерді жалға беру маусымы ресми түрде аяқталады. Жексенбі күні таңғы сағат 03:00-де станциялардағы барлық велосипедтер блокталады, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Astana Bike велосипедтерін жалға беру жобасы елордада 2014 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Биыл жоба «CTS» компаниясының басқаруына берілді. Осы уақыт аралығында velobike.kz ресми сайты өзгертілді, онлайн-тіркеу, онлайн толтыру және төлем функциялары сайтта тәулік бойы қолжетімді болды. Kaspi.kz және QIWI арқылы төлем іске қосылды. Мониторинг үшін камералар қолданылады.

«Барлық жаңашылдықтар қызмет көрсету сапасының айтарлықтай өсуіне ықпал етті. Нәтижесінде пайдаланушылар саны үш есе артты. Іске қосылған сәттен бастап жүйеге 14,2 мыңнан астам жаңа тұтынушы тіркелді, 14 мың жазылым сатып алынды. Ал велосипедпен жүріп өткен жалпы қашықтық 1,6 миллион шақырым. Велосипедті пайдаланушылардың көпшілігі ерлер – 61,5%, әйелдер 38,5% құрайды», - деп түсіндірді «CTS» компаниясынан.

Еске салайық, абоненттердің балансы келесі маусымға ауыстырылады. Немесе қалдық ақшаны Р. Қошқарбаев даңғылы, 50/1 мекенжайы бойынша «CTS»-тің орталық кассасынан алуға болады.

Хабар 24 телеарнасы