425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Кәсіпкер ана»: әйелдер өз бизнесін қалай бастай алады

  • 173
  • UPD: 10:44, 03.11.2020
«Кәсіпкер ана»: әйелдер өз бизнесін қалай бастай алады Елорда әкімдігі

Табысты компанияның дөңгеленуі көбіне бищнес иелері кәсібіне қажетті мамандықты игерген соң басталады.

Кәсіпкер ретінде қалыптасу үшін бизнесті жүргізу тәжірибесіне қажетті ерекше ойлау қабілеті қажет. Нұр-Сұлтандағы «Кәсіпкер ана» әлеуметтік жобасы халықтың әлеуметтік осал топтары қатарындағы әйелдерге үйде жұмыс істеуді бастау және өз ісін дамыту үшін түрлі мамандықтар бойынша шеберлік пен дағдыларды меңгеруге көмектеседі. Бұл туралы елорда әкімдігі хабарлайды.

«Біз әйелдерге кәсіпкерлік ойлауды дамытуды үйретеміз. Біздің идеямыз-алдымен оларға белгілі бір мамандықтың қыр-сырын үйретеміз, соның арқасында олар болашақта кәсіпкер бола алады. Бірақ, жеке кәсіпкер болу үшін алдымен адам өзін-өзі жұмыспен қамтып, өз еңбегінің арқасында алғашқы ақшасын табуды үйрену керек», – деп атап өтті «Кәсіпкер ана» жобасының негізін қалаушы Айнұр Әмірхан.

Бүгінде елорда тұрғындары IT-бағдарлау, әлеуметтік желілерді ілгерілету, фото және бейнография, аспаздық, қолөнер, графикалық дизайнер, копирайтер, SMM маманы, коуч-психолог, тігінші, массажист, Монтессори әдістемесі бойынша күтуші және т.б. бағыттар бойынша кәсіпкерліктің қыр-сырын меңгеруде. Барлығы 20-ға жуық бағыт бар. Сонымен қатар, ұйымдастырушылар еңбек нарығындағы өзекті кәсіптерді қадағалап, оларды бағдарламалар тізіміне қосады.

«Мен 2019 жылы татуировка жасауды үйрендім. Қазір жұмыс істеймін, ақша табамын және адамдарды оқытамын. Сондай-ақ, 555 мың теңге көлемінде грант алдым», – дейді жобаға қатысушылардың бірі Гүлнар Есенова.

«Мен бір жыл бұрын жалғыз басты ана санатында оқыдым, мұнда жақсы база алдым. Кейіннен өз біліктілігімді арттырдым және қазір осы орталықта сабақ беремін. Бұл пайда табатын мамандықты алуға және болашақта ешкімге тәуелді болмай, жұмыс істеуге жақсы мүмкіндік», – дейді маникюр шебері Альбина Досымова.

Жобада жаңа мамандық үйретуден басқа, қатысушыларды өздерін маман ретінде бағалауға үйретеді. Олармен психологтар да жұмыс істейді.

Курстардан өткеннен кейін қатысушылар сертификаттар алады және өз ісін бастай алады.

Ұйымдастырушылар сонымен қатар «Кәсіпкер ана» әйелдер қауымдастығын құруды жоспарлап отыр, оның аясында қатысушылар тәжірибе алмасып, бір-бірін жаңа нәтижелерге ынталандырады.

Жобада оқуға @Kasipkerana_bot Telegram-боты арқылы өтінімдерді беруге болады. Бағдарламаның барлық жаңалықтарын @kasipker_ana инстаграм аккаунтынан да қадағалауға болады.

Хабар 24 телеарнасы