420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

  • 139
  • UPD: 17:47, 03.11.2020
Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды pxhere.com

Қазгидромет бірқатар облыста дауылды ескерту жарияланғанын хабарлады.

Ақмола облысы

4 қарашада Ақмола облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі.

Көкшетау қ.: түнде және таңертең 4 қарашада тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с күтіледі.

Нұр-Сұлтан қ.: 4 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.

Түркістан облысы

4 қарашада күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі.

Қостанай облысы

4 қарашада Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Қарағанды облысы

4-5 қарашада Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысы

4-5 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Күндіз 4, тәулік бойы 5 қарашада батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі.

Петропавл қ.: күндіз 4, тәулік бойы 5 қарашада батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Хабар 24 телеарнасы