425.59 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

МӘМС: елордалықтарға қандай медициналық қызметтер мен дәрі-дәрмектер қолжетімді

  • 140
  • UPD: 17:13, 04.11.2020
МӘМС: елордалықтарға қандай медициналық қызметтер мен дәрі-дәрмектер қолжетімді Inbusiness.kz

2020 жылдың 1 қаңтарына сәйкес, Нұр-Сұлтанда алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарына тіркелген азаматтардың жалпы саны 1 191 650-ға жетті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

МӘМС аясында елорданың медициналық мекемелері профилактикалық тексеру, консультативтік-диагностикалық және стационарлық көмек, сондай-ақ қалыпқа келтіру емі қызмет түрлерін көрсетті. Бұл туралы брифингте қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов айтты. 

«Сонымен қатар жыл басынан бері КТ және МРТ, медициналық-генетикалық зерттеулерді, зерттеулердің қымбат түрлері БМСК дәрігерінің жолдамалары бойынша барлық пациенттерге тегін көрсетілді», – деп хабарлады Тимур Мұратов.

Сондай-ақ қаңтар айынан бастап, амбулаториялық деңгейде ұсынылатын дәрілік заттардың тізімі көбейді. Атап айтқанда, оған 29 ересек және 53 балалар аурулары бойынша жаңа нозология енгізілген.

«Әлеуметтік Денсаулық сақтау қоры» елордалық филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров атап өткендей, науқастармен тұрақты кері байланыс жүргізіледі.

«Байланыс-орталығына 1406 нөмірі арқылы азаматтардың өтініштері мен шағымдары қабылданады. Медициналық қызмет көрсету мәселелері бойынша Қордың Нұр-Сұлтан қаласы бойынша байланыс орталығында 2020 жылғы 1 қаңтар мен 1 қараша аралығында 92 241 өтініш тіркелген, олардың барлығы бөлім мамандарымен қаралған», – деді Нұрлыбек Қабдықапаров.

 

Хабар 24 телеарнасы