422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Тұмауға қарсы екпе алғандарда коронавирус ауруы жеңіл өтеді

  • 132
  • UPD: 09:38, 05.11.2020
Тұмауға қарсы екпе алғандарда коронавирус ауруы жеңіл өтеді

Соңғы бір жылда тұмаудан вакцина еккен адамдарда коронавирус ауруы жеңіл өтеді екен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Флорида университетінің ғалымдары осындай қорытындыға келді. Олардың тұжырымын ғылыми зерттеуін «American Board of Family Medicine» журналында жариялады.

Бұл зерттеуге 18 жастан асқан 2 мыңнан астам адам қатысқан екен. Америкалық ғалымдар келтірген статистикалық мәліметтерге сәйкес вакцина екпеген науқастар ауруханаға 2,5 есе жиі жатқызылған және жансақтау бөліміне 3 есе жиі түсіпті.

Хабар 24 телеарнасы