423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміздің басым бөлігінде ауа райы бұзылады

  • 122
  • UPD: 10:40, 08.11.2020
Еліміздің басым бөлігінде ауа райы бұзылады

Синоптиктер 11 облыста дауылды ескерту жариялап отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақмола, Қостанай, Ақтөбе мен Солтүстік Қазақстанда тұман түсіп, көктайғақ болады. Сондай-ақ теріскейде қар аралас жаңбыр жауу мүмкін. Ал Маңғыстау мен Қызылордада жел күшейеді. Шығыс және Батыс Қазақстан мен Қарағандыны қою тұман басады. Павлодар облысында қар жауып, көктайғақ болады деп болжануда.

Хабар 24 телеарнасы