422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада және бірқатар өңірде ауа райы туралы ескерту жарияланды

  • 101
  • UPD: 21:10, 08.11.2020
Елордада және бірқатар өңірде ауа райы туралы ескерту жарияланды

9 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында желдің ұйытқуы күшейіп, екпіні секундына 23 метрге жетеді.

9 қарашада Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерінде күші 15-20, екпіні секундына 23-28 метрге жетеді. 

Қарағанды қаласында ертең көктайғақ болады, оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Жезқазғанда ертең күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

9 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын жауады, арты қарға ұласады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан жел соғып, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді.

Петропавлда ертең көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 25 м/с жетеді.

8 қарашада Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болуы ықтимал. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерінде екпіні 18 м/с жетеді.

Ақтөбе қаласында күндіз солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с жетеді.

Хабар 24 телеарнасы