423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

  • 124
  • UPD: 10:59, 09.11.2020
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды astana.gov.kz

Қазгидромет 10-12 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Мамандардың айтуынша, алдағы күндері жауын-шашын мен желдің күшеюі сақталады.

Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігіне Об шығанағы аудандарынан циклон жырасы әсер етеді. Жауын-шашын жауады, оңтүстік және шығыс бөлігінде кей жерлерде қатты жауын-шашын күтіледі. Басым бөлігінде жел күшейеді. Кей жерлерде тұман, көктайғақ және жаяу бұрқасын күтіледі.

Бұған дейін ҚР ТЖМ тұрғындарға сақ болуды ескерткені туралы жазғанбыз.

Хабар 24 телеарнасы