423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанның бірқатар аймағында көктайғақ болады

  • 102
  • UPD: 10:53, 10.11.2020
Қазақстанның бірқатар аймағында көктайғақ болады

Бүгін еліміздің бірқатар аймағында сынап бағанасы төмендеп, желдің екіпіні күшейеді. Көктайғақ болады деп күтіліп отыр.

Атап айтқанда, Қостанай, Қарғанды және Солтүстік Қазақстан облыстарында күн райы бұзылады. Осыған байланысты дауылды ескерту жарияланды. Ал еліміздің шығысында қалың қар жауады. Батыс Қазақстан облысында да ауа райы күрт құбылады дейді синоптиктер. Ал елордадағы полиция департаменті жолда абай болу керектігін ескертеді. Мүмкіндік болса алыс жолға шықпаған абзал.

Айта кетейік, бұған дейін түнгі уақытта Нұр-Сұлтан-Теміртау және Нұр-Сұлтан-Щучинск бағытындағы қозғалысқа шектеу қойылған болатын.

Хабар 24 телеарнасы