422.66 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Неше жастағы адамдар коронавирусқа әлсіз келеді

  • 346
  • UPD: 09:43, 10.11.2020
Неше жастағы адамдар коронавирусқа әлсіз келеді

35 жастан асқан адамдар COVID-19-ға әлсіз келеді, өйткені осы жаста дененің қартаюы және иммундық жүйенің әлсіреуі басталады.

Бұл туралы иммунолог-аллерголог Владимир Болибок айтты, деп хабарлады lenta.ru.

Оның пікірінше, тимус деп аталатын адам ағзасы иммунитет қалыптастыруға жауап береді, яғни онда иммундық жауапқа қажетті жасушалар түзіледі. Бұл балалар мен жасөспірімдерде жақсы жұмыс істейді.

«35 жасқа дейін тимустың 10 проценті ғана қалады. Бұл – ағзадағы қартаюдың алғашқы белгісі», - деп түсіндірді дәрігер.

Айтуынша, 30-35 жасқа дейінгі адамдар көп жағдайда COVID-19, пневмония және қатерлі ісіктермен ауырмайды.

Хабар 24 телеарнасы