424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміздің 12 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

  • 107
  • UPD: 10:22, 10.11.2020
Еліміздің 12 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша еліміздің 12 өңірінде дауылды ескерту жарияланды.

10-11 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында көктайғақ, екпіні секундына 15-20 метр жел тұрады, боран соғады.

10-11 қарашада Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, желдің екпіні секундына 15-20, 23-28 метрге күшейеді.

10 қарашада Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің екпіні секундына 16 метрге күшейеді. Ал Атырау облысында тұман түседі.

10 қарашада Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, желдің екпіні секундына 15-20, 23-28 метрге күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, желдің екпіні секундына 15-20 метрге күшейеді.

Қарағанды облысының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын күтіледі, желдің екпіні секундына 15-20 метрге күшейеді.

10 қарашада Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, желдің екпіні секундына 15-20 метрге күшейеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде желдің екпіні секундына 15-20 метрге күшейеді.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Павлодар облысының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын күтіледі, желдің секундына 15-20 метрге күшейеді.

Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің екпіні секундына 15-20 метрге күшейеді.

Төтенше жағдайлар министрлігі жүргізушілерге жол қозғалысы кезінде абай болып, төменгі жылдамдықты сақтауды және сақ болуды ұсынады.

«Жаяу жүргіншілер жолдан өткен кезде өте мұқият болуы керек, асығуға немесе жүгіруге болмайды. Азаматтарды ауа-райының өзгерістерін бақылауға шақырамыз. Қатты дауыл кезінде үйдегі немесе пәтердегі терезелер тығыз жабылуы тиіс.

Шыныланбаған балкондардан қатты жел кезінде сыртқа түсуі мүмкін барлық заттарды (құмыралар, банкалар, жәшіктер, шөлмектер және т.б.) алып тастау керек.

Көшеде дауыл тұрған кезде өзіңізді жарнама қалқандарынан (басқа да аспалы құрылымдардан), автобус аялдамаларынан, электр беру желілерінен, сондай-ақ ағаштардан мүмкіндігінше алыс ұстаңыз. Қатты жел болған жағдайда жақын маңдағы ғимаратта жасырыну қажет. Үлкен ағаштардың қасына көлік қоюға болмайды, өйткені ағаш құлаған кезде қауіпті болуы мүмкін, оның бұтақтары құлауы немесе сынуы мүмкін», - деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Хабар 24 телеарнасы