422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Коронавируспен күресуге көмектесетін екі өнім анықталды

  • 107
  • UPD: 16:41, 10.11.2020
Коронавируспен күресуге көмектесетін екі өнім анықталды

Халықаралық сарапшылар тобы бал мен қара зерені тұтыну коронавирус жұқтырған науқастарға ауруды жеңуге көмектесетінін анықтады.

Бұл туралы medRxiv порталы хабарлады.

Ғалымдар коронавирустың орташа және ауыр түрімен сырқаттанған науқастардың қатысуымен зерттеу жүргізді. Науқастардың бір бөлігі дене салмағына байланысты күніне бір грамм бал және 80 миллиграмм қара зере, ал қалғандары плацебо қабылдады.

Нәтижелер көрсеткендей, аталған өнімдерді қабылдау коронавирус симптомдарын жеңілдетуге әкелген. Сондай-ақ вирус ағзадан бақылау тобына қарағанда орта есеппен төрт күн бұрын жойылды.

Сарапшылар бал мен қара зеренің ешқандай жанама әсері жоқ екенін және басқа COVID-19-ды емдеу әдістерімен бірге қолдануға болатындығын баса айтты.

Хабар 24 телеарнасы