Республиканың барлық аумағында жауын-шашын болады.
Қазгидромет 12-14 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Бүкіл кезеңде Қазақстанның басым бөлігі Солтүстік циклонның ықпалында болады. Оның бұлтты алқаптары қар мен жаңбыр түрінде жауын-шашын әкеледі, оңтүстік және шығыс бөліктерде кей жерлерде қатты болады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, солтүстік өңірлерде бұрқасынның пайда болуына әкелетін екпінді жел күтіледі.