420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміздің 10 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

  • 215
  • UPD: 10:49, 11.11.2020
Еліміздің 10 өңірінде дауылды ескерту жарияланды Костанай ТВ

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша еліміздің 10 өңірінде дауылды ескерту жарияланды.

11 қарашада Ақмола облысында тұман, көктайғақ, бұрқасын болады. Желдің екпіні кей жерлерде секундына 15-20 метрге, күндіз 23 метрге жетеді.

11 қарашада Ақтөбе облысында тұман түсіп, көктайғақ болады.

11 қарашада Шығыс Қазақстан облысында тұман, көктайғақ, бұрқасын болады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні кей жерлерде секундына 15-20 метрге, күндіз 23 метрге жетеді.

11-13 қарашада Жамбыл облысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің бағыты оңтүстік-батысқа ауысып, кей жерлерде желдің екпіні секундына 15-20, 23-28 метрге жетеді.

11 қарашада Батыс Қазақстан облысында қар, тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

11 қарашада Қарағанды облысында жаңбыр, тұман, көктайғақ, бұрқасын болады. Кей жерлерде желдің екпіні секундына 15-20, 25 метрге жетеді.

11 қарашада Қостанай облысында тұман, көктайғақ, бұрқасын болады. Батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні кей жерлерде секнудына 15-20 метрге жетеді.

11 қарашада Қызылорда облысының кей жерлерінде желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

11 қарашада Павлодар облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні күндіз секундына 15-20 метрге жетеді.

11-12 қарашада Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын (көбіне қар), тұман, көктайғақ, төменгі бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні секнудына 15-20 метрге жетеді.

Жауын-шашынның түсуіне және қатқақ болуына байланысты көктайғақ орын алады. Соның салдарынан жол-көлік оқиғалары, сондай-ақ көше жарақаттары: соғылу, шығып кету және сыну қатерлері ұлғаяды. Көктайғақ кезінде азаматтарға тайғанамайтын табаны бар аяқ киім кию ұсынылады. Абай болыңыздар!

Төтенше жағдайлар министрлігі жүргізушілерге жол қозғалысы кезінде абай болып, төмен жылдамдықты сақтауды және сақ болуды ұсынады. Жаяу жүргіншілер жолдан өткен кезде өте мұқият болуы керек, асығуға немесе жүгіруге болмайды.

Дауылды ескертулерде желдің екпіні қатты секундына 15-20 және тіпті секундына 30 метрге жетеді, әр түрлі елді мекендерде қауіпсіздік техникасы бойынша негізгі ережелерді ұстануды ұсынамыз. Шағын қалалар мен мегаполистер жағдайында дауыл мен дауыл кезінде де зардап шегуге болады.

Терезелер! Қатты дауыл кезінде үйдегі немесе пәтердегі барлық терезелер тығыз жабылуы тиіс.

Балкондар! Шыныланбаған балкондар мен лоджиялардан қатты жел кезінде сыртқа түсуі мүмкін барлық заттарды (құмыралар, банкалар, жәшіктер, шөлмектер және т.б.) алып тастау керек. Бұрышта жасалған шыныланбаған балкондардан дауыл кезіндегі рамалармен бірге ескі терезелер ұшып кеткен жағдайлар болды.

Көшеде! Көшеде дауыл тұрған кезде өзіңізді жарнама қалқандарынан (және басқа да аспалы құрылымдардан), автобус аялдамаларынан, электр беру желілерінен, сондай-ақ ағаштардан мүмкіндігінше алыс ұстаңыз. Айналаңызға қараңыз, өзіңізді жан-жағыңыздағы адамның басына құлап кетуі мүмкін заттардан алшақ ұстаңыз. Құлауы мүмкін үзілген сымдар мен сырғитын заттарға (ағаштарға) жақындауға болмайды.

Паналау! Қатты жел болған жағдайда жақын маңдағы ғимаратта немесе табиғи панада ол аяқталғанға дейін жасырыну қажет.

Үлкен ағаштар! Үлкен ағаштардың астында қалмауын, әсіресе терекке қатысты және олардың астына автокөлік қоюға болмайды, өйткені ағаш құлаған кезде қауіпті болуы мүмкін, оның бұтақтары құлауы немесе сынуы мүмкін. Шіріген және ескі, сондай-ақ жалғыз тұрған ағаштар өте қауіпті.

Хабар 24 телеарнасы