423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Масалар коронавирусты қанша уақыт бойы тасымалдауы мүмкін – маман

  • 93
  • UPD: 12:27, 11.11.2020
Масалар коронавирусты қанша уақыт бойы тасымалдауы мүмкін – маман

Масалардың негізгі түрлері коронавирустық инфекцияны бір тәулік бойы тасымалдайды, ал олар тарататын инфекциялардың көпшілігі респираторлық вирустық ауруларды тудырмайды.

Бұл туралы ресейлік маман Людмила Карань айтты, деп хабарлады life.ru.

Маманның айтуынша, биыл COVID-19 пайда болған Қытайда кең таралған масалардың негізгі түрлеріне зерттеу жүргізілді.

«Зерттеу нәтижелері масаларда вирустың көбеймейтінін және оның масалардың бойынша 24 сағат ішінде өліп қалатынын көрсетті», - деді.

Хабар 24 телеарнасы