420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Заттардың бетіндегі коронавирусты жылдам жою әдісі табылды

  • 131
  • UPD: 15:20, 11.11.2020
Заттардың бетіндегі коронавирусты жылдам жою әдісі табылды

Химиялық заттар коронавирусты өлтіреді, бірақ олар адам үшін зиян.

Калифорниялық ғалымдар заттардың бетіндегі инфекциядан қауіпсіз түрде құтылудың әдісін ойлап тапты. Сарапшылар патогендік микроағзалармен күресудің бұрыннан белгілі технологиясын қолданған.

Лос-Анджелестегі Калифорния университетінің ғалымдары инфекцияға қарсы суық атмосфералық плазманы пайдаланды. Бұл тиімді және қауіпсіз екендігі дәлелденді. Енді мамандар бұл құралға үлкен үміт артып отыр.

Бөлме температурасындағы иондалған газ бұған дейін қатерлі ісік ауруларын, тіс емдеуде және жараларды емдеуде қолданылған. Шындығында, бұл жаңа әдіс емес. Бірақ мұндай газ ешқашан заттардың бетін залалсыздандыру үшін қолданылмаған.

Бұл әдістен кейін коронавирус ешқандай материалдың бетінде тіршілік ете алмайтын болып шықты. Металл, ағаш, шыны, матаға да тәжірибе жасалды.

Хабар 24 телеарнасы