424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Тұман, көктайғақ, жауын-шашын: еліміздің 11 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

  • 109
  • UPD: 11:48, 12.11.2020
Тұман, көктайғақ, жауын-шашын: еліміздің 11 өңірінде дауылды ескерту жарияланды wallpaper-house.com

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша еліміздің 11 өңірінде дауылды ескерту жарияланды.

12 қарашада Шымкент қаласында жауын-шашын (жаңбыр, қар), желдің екпіні секундына 15-20 метрге күшейеді.

12 қарашада Ақтөбе облысында тұман, көктайғақ, бұрқасын болады.

12 қарашада Шығыс Қазақстан облысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ, боран, желдің екпіні секундына 15-20, 23-28 метрге күшейеді.

12-13 қарашада Жамбыл облысында тұман, көктайғақ, желдің екпіні секундына 15-20, 23-28-30 метр және одан да көп, таулы аудандарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

12 қарашада Батыс Қазақстан облысында тұман, көктайғақ, желдің екпіні секундына 15-20 метрге күшейеді.

12-13 қарашада Қарағанды облысында қатты жауын-шашын (қар, жаңбыр), тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің екпіні 15-20, 23-28 метрге күшейеді.

12 қарашада Қостанай облысында тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, желдің екпіні 15-20 метр күшейеді.

12 қарашада Қызылорда облысында көктайғақ, желдің екпіні секундына 15-20 метр.

12 қарашада Павлодар облысында қатты жауын-шашын (көбіне қар), тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің екпіні 15-20, 23-28 метр күтіледі.

12 қарашада Солтүстік Қазақстан облысында тұман, көктайғақ, бұрқасын болады, желдің екпіні секундына 15-20 метрге күшейеді.

12 қарашада Түркістан облысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), кей жерлерде тұман, желдің екпіні 15-20, 28 метрге дейін күшейеді.

Төтенше жағдайлар министрлігі жүргізушілерге жол қозғалысы кезінде абай болып, төмен жылдамдықты сақтауды және сақ болуды ұсынады. Жаяу жүргіншілер жолдан өткен кезде өте мұқият болуы керек, асығуға немесе жүгіруге болмайды.

Хабар 24 телеарнасы