424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қан қысымына қарсы дәрілер коронавирус жұқтырғандарға оң әсер етеді – зерттеу

  • 91
  • UPD: 12:30, 12.11.2020
Қан қысымына қарсы дәрілер коронавирус жұқтырғандарға оң әсер етеді – зерттеу

Халықаралық Луки Университетінің (АҚШ) маманы Юдзиро Йокояма гипертония мен коронавирусқа қарсы препараттардың байланысын анықтады.

Оның айтуынша, ACE немесе AT1 рецепторымен байланысатын заттар бар препараттар COVID-19-дың асқыну қаупін азайтады.

Пандемия өршіп тұрған кезде жергілікті мамандар бұрын жоғары қан қысымы үшін осыған ұқсас дәрі-дәрмектерді тұрақты түрде қабылдаған адамдарда ауру жеңіл өткенін байқаған.

Йокояманың айтуынша, гипертонияға қарсы дәрілерді бұрыннан қабылдап келген науқастар коронавирус кезінде де қолдануды тоқтатпауы керек. ACE немесе AT1 рецепторымен байланысатын заттар бүйрек пен жүрекке жақсы әсер етеді.

Гипертонияға қарсы дәрі-дәрмектер ACE2 ақуызының әсерін бейтараптандыратынын айтып өтті. Осы ақуыздың көмегімен коронавирус ағзаға енеді. Жоғары қан қысымына қарсы дәрі-дәрмектер құрамында ACE2-ге ұқсас ACE ақуызына кері әсер ететін заттар бар.

Хабар 24 телеарнасы