425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Демалыс күндері елордада қандай мәдени іс-шаралар өтеді

  • 101
  • UPD: 14:24, 12.11.2020
Демалыс күндері елордада қандай мәдени іс-шаралар өтеді

Елордадағы мәдени ошақтар алдағы демалыс күндерінде түрлі театр қойылымдарын, көрмелер мен экскурсиялар ұсынады.

Іс-шаралар санитарлық талаптарға сай өтеді, деп хабарлады елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Астана Опера»-да 14 және 15 қараша күндері сағат 18:00-де «Евгений Онегин» операсы өтеді.

15 қараша күні сағат 15:00-де қазақстандық жас музыканттар «Еуропаға музыкалық саяхат» концертінде Германия, Франция және Италия композиторларының шығармаларын орындайды.

Тәуелсіздік сарайында 31 желтоқсанға дейін Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған және «Ақанаевтар әулеті» көрмесі өтеді.

30 қарашаға дейін сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін «Өнер қарлығаштары» және «Әлем бала көзімен» атты балалар экспозициялары ашылды. Сондай-ақ Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, «Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің дипломанты, суретші Анар Әубәкірдің «Тылсым» атты көрмесі ұсынылды.

Nomad City Hall-да 14 қараша күні сағат 18:00-де «Әбу Насыр әл-Фараби» атты әдеби-музыкалық кеш өтеді.

Қалалық қуыршақ театрында 14 қараша күні сағат 12:00 және 14:00-де жас көрермендерге «Ер Төстік» ертегісін көрсетеді.

Атамекен этно-мемориалдық кешені 14 қараша күні сағат 12:00-де «Сығанақ қаласындағы Ортағасырлық мешіт» онлайн-экскурсиясын өткізеді. Іс-шара @atamekenmap инстаграм және @atamekenmap.kz фейсбук парақшаларында көрсетіледі.

М.Горький атындағы драма театры 14 қарашада сағат 11:00-де онлайн режимде «Домик для царя зверей» ертегісін ұсынады. Трансляция Іnstagram-да жүргізіледі.

М.Горький атындағы драма театрының кіші залында 14 қараша күні сағат 18:00-де А.Островскийдің «Гроза» пьесасы негізінде спектакль қойылады.

Хабар 24 телеарнасы