422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

99,9% тиімді: COVID-тен қорғайтын зат табылды

  • 125
  • UPD: 17:44, 12.11.2020
99,9% тиімді: COVID-тен қорғайтын зат табылды

Ауыз қуысын шаюға арналған сұйықтықты қолдану коронавирустық пандемия кезінде күнделікті қорғаныс шараларының қатарын толықтыра алады.

Мұндай тұжырымды Microbac Laboratories тәуелсіз халықаралық зертханасының зерттеушілері жасады, деп хабарлады РИА Новости.

Агенттіктің хабарлауынша, зерттеушілер құрамында 0,07% концентрациясындағы CPC (Cetylpyridinium Chloride – цетилпиридиния хлориді) бар ауыз шайғыш заттар коронавирус штаммының белсенділігін 99,9% басқанын анықтады. Нақтырақ айтқанда вирус 30 секунд ішінде жойылған.

Сонымен бірге, ауыз қуысын шаюға арналған заттың коронавирустың адамнан адамға таралуын толық тоқтатуға кепілдік бере алмайтындығы баса айтылады.

Хабар 24 телеарнасы