424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Көктайғақ кезінде қандай ережелерді сақтау керек? Құтқарушылар кеңесі

  • 104
  • UPD: 12:05, 13.11.2020
Көктайғақ кезінде қандай ережелерді сақтау керек? Құтқарушылар кеңесі Айқын

Елордада алдағы тәулікте көктайғақ болуы мүмкін.

Осыған байланысты ТЖД тайып құлау қаупін азайту үшін көктайғақ кезінде мынадай ережелерді сақтау керектігін ескертеді:

- биік өкшелі аяқ киімнен бас тартып, шағын кеуекті табаны бар тайғанамайтын аяқ киімді таңдаңыз;

- жолдың жүру бөлігінде өте сақ болыңыз: асықпаңыз және жүгірмеңіз;

- тегіс емес мұз қатқан барлық жерлерді айналып өтуге тырысыңыз;

- қолдарыңыз мүмкіндігінше бос болуы керек, ауыр сөмкелер ұстамаңыз, қолыңызды қалтаңызға салып жүрмеңіз, бұл құлау ықтималдығын арттырады;

- егде жастағы адамдарға резеңке ұштығы бар таяқ немесе ұштары бар арнайы таяқ қолдануға кеңес беріледі.

«Жолдың жүру бөлігінде өте сақ болыңыз: асықпаңыз және жүгірмеңіз! Есіңізде болсын: әсіресе арқаға құлау қауіпті, ми сілкінісін алуға болады. Жарақат алған кезде міндетті түрде бірден медициналық көмекке жүгіну қажет», – делінген хабарламада.

Автокөлік жүргізушілері қашықтықты сақтау қажет және қандай жағдай болмасын жылдамдықты асырмау керек.

Хабар 24 телеарнасы