422.66 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ел аймақтарында 16 қарашаға дауылды ескерту жарияланды

  • 87
  • UPD: 19:14, 15.11.2020
Ел аймақтарында 16 қарашаға дауылды ескерту жарияланды

16 қарашада Маңғыстау облысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады.

Күші кей жерлерде 15-20 м/с деп күтіледі.

Ақтау қаласында 16 қарашада шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады. Екпіні 15-20 м/с деп күтіледі.

16 қарашада Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с.

16 қарашада Павлодар облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

16 қарашада Ақмола облысында кей жерлерде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, таңертең және күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі.

16 қарашада түнде және таңертең Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.

16 қарашада Түркістан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с.

16 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының түнде басым бөлігінде қар күтіледі. Кей жерлерде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі. Петропавл қ: түнде 16 қарашада жаяу бұрқасын күтіледі.

16 қарашада Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады. Күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

Хабар 24 телеарнасы