420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ғалымдар коронавирусты жоятын табиғи өнімді атады

  • 98
  • UPD: 09:42, 16.11.2020
Ғалымдар коронавирусты жоятын табиғи өнімді атады

Неміс ғалымдары ағзадағы коронавирустық инфекцияны 97% дейін жоятын табиғи өнімді тапты.

Ульм университетінің медициналық орталығы жанындағы молекулалық вирусология институты мамандарының қорытындылары bioRxiv порталында жарияланды.

Зерттеу барысында ғалымдар қара жемісті шетеннің шырыны SARS-CoV-2 вирусын 97%-ке дейін жоя алатындығын анықтады. Ал тұмау вирусы одан да белсенді түрде жойылады. Зерттеу бойынша көк шай мен анар шырыны да тиімділігін көрсеткен.

«Біз қара жемісті шетеннің шырыны (Aronia melanocarpa), анар шырыны (Punica granatum) және көк шайдың (Camellia sinensis) екі вирусқа қарсы вирулицидтік белсенділігі бар екенін анықтадық. Осылармен ауыз қуысын шаю ауыздағы вирустық жүктемені төмендетуі мүмкін», - дейді ғалымдар.

Хабар 24 телеарнасы