420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

COVID-19 жүрегі ауыратын науқастар үшін несімен қауіпті

  • 85
  • UPD: 11:33, 16.11.2020
COVID-19 жүрегі ауыратын науқастар үшін несімен қауіпті

Жүрек-қан тамырлары жүйесінде проблемалары бар науқастар үшін COVID-19-дың қандай қаупі бар?

Бұл туралы №4 елордалық емхана кардиологы Жанат Сұңқарбекова айтып берді.

Оның айтуынша, коронавирустық инфекция жүрек-қан тамырлары аурулары бар науқастарда ауыр өтеді, себебі вирус жүрек-қан тамырлары жүйесіне көп факторлы зақымдаумен әсер етеді.

«Коронавирустық инфекциямен ауыратын науқастарда сөзсіз болатын гипоксия жағдайында жүрек-қан тамырлары аурулары бар науқастарға COVID-19-ға төтеп беру қиын. Сонымен қатар вирус гиперкоагуляцияға және тромбозға бастапқы бейімділікке ие. Коронавируста тромбоздың даму қаупі жоғарылағанда бұл жағдай ушығады», - деді Жаннат Сұңқарбекова.

Коронавирусты жұқтырмау үшін белгілі профилактикалық шараларды сақтау қажет.

«Екіншіден, өзіңіздің диагнозыңыздың – жүрек-қан тамырлары ауруларының емімен айналысуыңыз керек. Егер бұл артериялық гипертензия болса, онда сіз қан қысымын бақылауыңыз керек. Негізгі терапия қажет. Коронавирусты жұқтырған жағдайда дәрігерге ерте бару маңызды рөл атқарады. Барлығы «өздігінен өтеді» деп үміттенудің қажеті жоқ. Ешбір жағдайда, мысалы, қысымды төмендетуге арналған негізгі терапиядан бас тартуға болмайды. Холестерин деңгейін төмендетуге, антиагреганттарға қарсы дәрілерді қабылдауға көмектесетін статиндік терапияны жалғастыру қажет», - деп атап өтті кардиолог. 

Айтуынша, коронавирустық инфекциядан бұрын қабылдаған дәрі-дәрмектерді тұтынуды жалғастыру керек және оларды дәрігердің рұқсатынсыз ешбір жағдайда өзгертуге немесе қабылдауды тоқтатуға болмайды.

Егер адам коронавирус белгілерін байқаса, ең алдымен дәрігерге жүгінуі керек. Қажет болса, жалпы тәжірибе дәрігері әрдайым кардиологпен кеңеседі. Терапевт пен кардиологтың арасында тығыз байланыс болуы керек.

«Екі маңызды мәселе бар. Адамдар көбінесе антикоагулянттарды профилактикалық мақсатта қабылдайды. Мүлдем олай жасамау керек, өйткені дәрі-дәрмектердің әсері күшті және қан кетуіне әкелуі мүмкін. Оларды тек дәрігердің нұсқауы бойынша қабылдау керек. Сонымен қатар карантин кезінде адамдар үйлерінен аз шыға бастады. Науқастар жаттығуды тоқтатып, отырықшы өмір салтына үйреніп кетті. Бұл жүрек-қан тамырлары ауруларының ағымын күшейтеді. Ешбір жағдайда дене белсенділігінің деңгейін төмендетпеуіңіз, үйде жаттығуды жалғастыруыңыз керек», - деп сөзін аяқтады дәрігер.

Ақпарат көзі: Елорда әкімдігінің баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы