420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алдағы күндері 26 градусқа дейін аяз болуы мүмкін

  • 176
  • UPD: 11:51, 16.11.2020
Алдағы күндері 26 градусқа дейін аяз болуы мүмкін

17-19 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды.

«Орталығы Самараның үстінде орналасқан Солтүстік-батыс антициклонының жотасы Қазақстанның ауа райына өз әсерін тигізуді жалғастырады. Кей жерлерде әлі де қар, оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты қар жауады, бірақ антициклонмен түнде ауа температурасының солтүстік аймақтарда 18-26 аязға дейін, оңтүстік аймақтарда 5-15 аязға дейін төмендеуі күтіледі», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Еліміздің кей жерлерінде тұман, оңтүстік жартысында көктайғақ, солтүстік бөлігінде бұрқасын болады деп күтіледі.

Хабар 24 телеарнасы