423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әуебилеттерін қай күні сатып алған тиімді – зерттеу

  • 72
  • UPD: 16:36, 16.11.2020
Әуебилеттерін қай күні сатып алған тиімді – зерттеу

Әуебилеттерін сатып алу үшін жексенбі ең қолайлы күн болып табылады.

Expedia туристік компаниясының аналитиктері осындай қорытындыға келді, деп хабарлады Daily Express.

Сарапшылардың пікірінше, билетті жұмыс күндеріне немесе демалыс алдындағы күндерге қарағанда жексенбіде сатып алу әлдеқайда тиімді. Мысалы, жұмадағы бағамен айырмашылығы 17 процентті құрайды.

Мамандар іссапарға баратын және халықаралық рейске билет сатып алатындар үшін (егер бұл курорттық бағыттарға қатысты болмаса) бейсенбі күнді ұсынады.

Сонымен қатар автомобильдерді бейсенбіде брондаған тиімді. Себебі бұл күні көліктерді жалдау құны төмендейді екен. Ал жалдау ақысының ең жоғары бағасы сейсенбіде тіркеледі.

Хабар 24 телеарнасы