420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Instagram-да хабарламалар өз-өздігінен жойылатын болады

  • 144
  • UPD: 17:55, 16.11.2020
Instagram-да хабарламалар өз-өздігінен жойылатын болады Searchengines.guru

Facebook Messenger-де хабарламалардың өз-өздігінен өшіп кету қызметі қазірдің өзінде бар, бірақ әзірге ол тек АҚШ-та қолжетімді.

Facebook Messenger және Instagram қолданушылары өз-өздігінен жойылатын хабарламаларды жіберуге мүмкіндік алады, деп хабарлайды korrespondent.net.  

Vanish Mode режимінде хабарламалар әңгімелесуші чаттан шыққан соң өшеді. Ал әңгімелесуші жасырын түрде диалогтың скриншотын жасап алса, бұл туралы қолданушыға ескертіледі.

Facebook Messenger-де бұл опция қазір де бар, дегенмен ол АҚШ аумағында ғана қолжетімді. Ал Instagram-да құпия чаттар жуық арада пайда болады.

Хабар 24 телеарнасы