422.66 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Үшарал – Достық автожолы жабылды

  • 79
  • UPD: 16:26, 17.11.2020
Үшарал – Достық автожолы жабылды

17 қарашада сағат 12:10-нан бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты Үшарал – Достық республикалық маңызы бар автожолында (84 км-ден 184 км-ге дейін) барлық автокөлік түрлері үшін қозғалыс жабылды.

Бұл туралы Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы облысы төтенше жағдайлар департаменті жолдарда қауіпсіздік ережелерін сақтауды ұсынады:

– ауа-райының өзгеруін, метеорологиялық мәліметтерді бақылау, ауа-райының нашарлауы және автожолдарда автокөлік қозғалысына шектеулер енгізу кезінде шықпау;

– әрбір автокөлікте міндетті түрде шұғыл жағдайда өмірді құтқаратын заттар, дәнекерлеу шамдары, арқандар, дөңгелектерге арналған шынжырлар, күректер, парафинді шырақтар, сондай-ақ жылы киім, бірінші кезекте қажетті заттар, тамақ және су қоры болуы тиіс;

– қатты аяз немесе қар жауған кезде бірнеше автокөлікке топтастыру қажет, сонда сынған жағдайда колоннадан басқа жүргізушілер көмекке келе алады;

– жазғы шиналарды қысқы шиналарға уақтылы ауыстыру қажет;

– егер боран немесе қатты аяз кезінде жолда болсаңыз, көлігіңіз елді мекеннен алыс жерде немесе сізге таныс емес жерде тоқтап қалса, «101» және «112» нөмірі арқылы көмек шақырған дұрыс.

Хабар 24 телеарнасы