420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ұзақ өмір сүру үшін қанша сағаттық ұйқы қажет

  • 135
  • UPD: 09:48, 18.11.2020
Ұзақ өмір сүру үшін қанша сағаттық ұйқы қажет

Ұйқы режимі жүрек жеткіліксіздігінен сақтану үшін өте маңызды.

Бұл туралы Express басылымы АҚШ-тың Жаңа Орлеан қаласындағы Тулейн университеті ғалымдарының зерттеуіне сілтеме жасап хабарлады.

Мамандар ұйқы режимі жақсы адамдарда жүрек ауруларының қаупі едәуір төмен екендігін анықтады. Олар 7-8 сағатқа дейін ұйықтауды жақсы режим деп санайды.

Зерттеу барысында ғалымдар 37 мен 73 жас аралығындағы 408 802 адамды бақылады, олардың ішінде 5 221 адамға жүрек жеткіліксіздігі диагнозы қойылған. Олардың ұйқы режимінде де проблемалар байқалған: кейбіреулері ұйқысыздықтан зардап шеккен, кейбіреулері түн ортасында оянып кететін, ал қалғандары тым аз ұйықтайтын болған.

Хабар 24 телеарнасы