425,70 504.60 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

2021 жылы саяхат жасауға ең қолайлы елдер аталды

  • 822
  • UPD: 12:17, 19.11.2020
2021 жылы саяхат жасауға ең қолайлы елдер аталды

Австралиялық Lonely Planet басылымының сарапшылары 2021 жылы саяхат жасауға арналған үздік елдердің тізімін жасады.

Сонымен, үздік елдер тізіміне Швеция, Палау, Греция, Антигуа және Барбуда мен Руанда енді. Толық рейтинг компанияның ресми сайтында жарияланған. Мысалы, Швецияның Гетеборг қаласы «Үздік қала демалысы» номинациясын жеңіп алды. 

Сонымен бірге Тынық мұхитында орналасқан Палау аралдары экологиялық тұрақтылыққа қатысты прогрессивті саясатымен ерекшеленіп, «Үздік аралдар» санатында көш бастады. Ал Грекия органикалық тағамдары мен теңіз өнімдеріне байланысты «Үздік гастрономиялық курорт» атанды.

Солтүстік Америкадағы Антигуа және Барбуда пластмассалар мен пенопластқа тыйым салып, бірқатар экологиялық таза кәсіпорын құрды. Сол үшін олар «Үздік дамушы бағыттар» атанды.

Шығыс Африканың Руанда мемлекеті жабайы тау маймылдарының популяциясын жойылып кету қаупінен сақтап, «Табиғатты қорғау бойынша үздік бағдарламаның» иегері атанды.

Сонымен қатар тізімде Қазақстан да бар. Еліміз «Өмір сүруге ең қолайлы жер» номинациясын иеленіп, қонақжайлығымен ерекше назар аудартқан.

Хабар 24 телеарнасы