422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Кімдерге көмір сатып алу үшін әлеуметтік көмек беріледі

  • 148
  • UPD: 11:47, 19.11.2020
Кімдерге көмір сатып алу үшін әлеуметтік көмек беріледі

Нұр-Сұлтан қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы қатты отынды сатып алуға әлеуметтік көмек көрсетеді.

«Әлеуметтік төлем 4 ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын (шамамен 160 мың теңге) жан басына шаққандағы табысы болған жағдайда басқа тұрғын үйі жоқ, жергiлiктi (пештік) жылытатын жеке тұрғын үйде тұратын, оның жеке меншік иесі (жалға алушысы) немесе жеке меншік иесінің отбасы мүшелері (жалға алушысы) болып табылатын зейнеткерлерге, мүгедектерге, мүгедек балаларға және көп балалы отбасыларға жүргізіледі», - делінген елорда әкімдігінің хабарламасында.

Өтемақы жылыту маусымына 16 айлық есептiк көрсеткiш көлемінде жүргiзiледi (44 448 теңге). Қатты отынды сатып алуға өтемақы алуға құқығы бар бiрнеше адам бiр жеке меншiк тұрғын үйде тұрған жағдайда өтемақы тек қана бiреуiне берiледi.

Карантин шараларын сақтау мақсатында (15 қазаннан 30 сәуірге дейін) жылу беру кезеңінде әлеуметтік көмек алуға өтініш беруші электронды үкіметтің веб-порталы (egov.kz) арқылы мына құжаттар қоса өтініш бере алады:

1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

2) отбасы құрамы туралы мәліметтер;

3) жиынтық табысын есептеу қағидасына сәйкес адамның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер;

4) зейнеткерлер үшін зейнеткерлiк куәлiгiнің көшірмесі, мүгедектер үшін мүгедектiгi жөнiндегi анықтамасының көшірмесі;

5) ҚР Әдiлет министрлiгiнiң аумақтық органы берген жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқығының болмауы (болуы) жөнiндегi анықтама.

6) банктік шот туралы мәлімет.

Сұрақтар бойынша байланыс телефондары арқылы хабарласуға болады:

– Филаретова Инна Юрьевна Алматы ауданы бойынша әлеуметтік төлемдер тағайындау бөлімінің басшысы, 8 702 158 08 53;

– Жанұзақова Құралай Серікқызы Байқоңыр ауданы бойынша әлеуметтік төлемдер тағайындау бөлімінің басшысы, 8 705 468 50 01;

– Жүндібаева Нұргүл Қасымжанқызы Есіл ауданы бойынша әлеуметтік төлемдер тағайындау бөлімінің басшысы, 8 702 433 93 36;

– Станбаева Салтанат Дүйсенқызы Сарыарқа ауданы бойынша әлеуметтік төлемдер тағайындау бөлімінің басшысы, 8 702 961 09 68.

Хабар 24 телеарнасы